Қыркүйек 10, 2011 – 03:03
Кеше жолым түсіп, белгілі бір себептермен Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға соқтым. Ара-тұра мұнда пікірталастардың, көрмелердің, кештердің өтіп тұратынынан хабардар едім. Сондай көрменің бірі кеше болып жатыр екен. Кездейсоқ барып, куә болдым. Мұнда “шетелдік қонақтарға” да орын бұйырыпты. Ең ішіндегі қатты ұнағаны мына сурет. Теріге бедерленіп салыныпты. Бұл Күлтегіннен бөлек тасқа салынған таңбаларды бейнелейтін тағы [...]
Ол бүгін үйде жалғыз еді. Күндегідей жұмыстан келді де, кешкі тамағын “құтты орнына” жайғастырған соң жарты сағаттай компьютерде отырды. Артынан 1-2 сағат теледидар көргені тағы бар. Шаршағанын енді сезініп жатыр. Көзі ілініп барады екен, оянып кетті. “Қой, мынауым несі? Төсегіме барып жатайын. Үйде жалғыз қалсаң осы ғой…” деп іштей күбірлеп, төсегіне қарай бет алды. Түннің [...]
Шошып ояндым. Дұрысы оянып кеттім. Білмеймін, әйтеуір сондай сияқты бірдеңе. Шошындым дейін десем, айқайлап оянғам жоқ. Бірақ, жәй оянуға ұқсамайды. Шым-шытырық түс көрдім. Жәй түс емес, фантастикалық. Түске не болса сол кіре береді екен ғой ия? Көргенім жоритын нәрсе емес, жәй ғана лақпа түс. Шамасы қазақ айтатын “түлкінің боғы” осы болар. Сонымен не көрдім? Айтсам, [...]
Көздеріңде көрінеді әлі мұң, Неден құрбым осыншама налыдың? Тағдыр мені мұңайтты деп қайғырмай, Тәуба деші, сабыр сақта жарығым. Түсініксіз мына өмірдің мәнінің, Сырын ұғып білді дейсің әлі кім. Уайымсыз көрінгенмен сыртынша, Көңілі гәш бұл пенденің бәрінің. Жалғыз өзім бақытсызбын демегін, Дей де көрме жоқ ешкімге керегім. Өмір қызық, көп қой әлі берері, Сенші досым, мен [...]
Алтын – жақұттан айнытқан мыңын, Жапанда ол бір жатқан қай мекен. Адамның бәрі байлықтан бұрын, “Атақты” деген атты аңсайды екен. Жерітіп үні лақап күлкінің, Жүректе ызғар, көңілде қырау. Құйрығын қуып атақ – түлкінің, Талайлар жүр-ау, өмірде мынау. Пір тұтқан заман үркек көкекті, Атақпен солай болды ма ел асқақ. Амалы құрып шіркеуді өртепті, Атағы үшін сорлы [...]
Қазақта “жүр берсең, көре бересің” деген сөз бар. Оны айтуымның себебі мынада. Мәселен, сіз бұрын соңды жол үстінде қызық оқиғаларға жолықтыңыз ба? Бөлісер болсам менде мынадай оқиға болды. Барын берер берекелі қоңыр күздің Қазан айы болатын. Қаладан кешке қарай ымырт үйіріле әкем екеуміз жолға шықтық. Бағытымыз: ауыл, мақсатымыз: кішкене қарындасымның туған күні. Жол бойы оны-мұны [...]
Қазір сағына еске алатын сол бір жылдары біз бастауыш сыныптың балғын оқушылары едік. Бұзықтығымыз да бір басымызға жететін. Қоңырауда алысып-жұлысып, бір-бірімізді қуалап ойнағаннан бөлек тағы бір “өнеріміз” бар еді. Ол – түтік ату. Әрқайсысымызда бір-бір “мылтық” болатын. Кішкене қағазды ауызға салып жібересің де, езгілеп, шиыршықтап “оқ” жасайсың. Әрине мұндай “атыс өнері” көбіне сабақ үстінде болатын. [...]
Қызылорда да, қалаға жақын орналасқан Қаракөл деген кішігірім ауыл бар. Негізі қабырғасы мал шаруашылығына ыңғайланған ауыл боп құрылғанмен ауыл тарихы әріде жатыр. Сол ауылдағы қазіргі мектеп тұрған жердің жанында бұрын ұстахана, кейін дүкен, тағы бірдеңелер болған кішкене ескі үй болған екен. Әлгі үйдің “сиқыры” түнде басталатын көрінеді. Айтушылардың сөзіне қарағанда көп болса да, аз болса [...]
Кеше кешкісін теледидарды қарағандар болса, “Қазақтың 100 әнінде” Шәмшінің “Сыған серенадасы” әніне байланысты аз-кем мағлұмат беріп кетті. Артынша бұл тамаша әнді әнші Тоқтар Серік орындады. Ән тыңдар құлағы бар адамның бұл әнді өзінің таңдаулы әндері қатарына қосатынын сеніммен айта аламын. Ән туралы ақпараттарыңызды толықтыру мақсатында осы жазбаны іле кетуді жөн көрдім. Алдында ойланып жүргенмін, кешегі [...]
Ырым деген біздің Ұлы Қазақ халқының (әрине басқаларда да бар) ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінің нәтижесінде жасалған дүние. Оның басты күші сенімде жатыр. Кейбіреулер дінге сілтеме жасап: “анау-мынау, ол дұрыс емес шығар” деп пікірлер жазуы мүмкін. Менің айтарым, ата-бабамыз қандай да бiр іс қылардың алдында ақымақ болып, асығыстыққа бармаса керек. Ырымды ұстап жүріп-ақ аузынан Алласын тастамаған. [...]