Өзім жайлы не жазсам екен? Топыраққа аунап, күннің астында қақталып, ағашты ат қып мініп өскен ауылдың баласымын. Ауылым Шаған деп аталады. Айта кетейін Қызылорда облысы, Сырдария ауданы. Әйтпесе Қазақстан бойынша 5-6 Шаған бар екен. Қазір қалада тұрамын. Білімім арнаулы орта. Қызылорда медициналық колледжін бітіргенмін. Отбасылық жағдайым, бойдақпын (жарнама десем бола ма?:-)). Әдебиет пен тарихты жақсы көремін және дәстүрлі ән тыңдау жанымның рахаты. Аздап өлең жазамын. Бос уақытымда ермегім кітап оқу. Осы блогты ашуға көмектескені үшін САЛТАНАТҚА КӨП-КӨП АЛҒЫСЫМДЫ АЙТАМЫН!
Хат жазам деушілерге поштам ашық:
gamk1986@mail.ru
nurlandos@gmail.com
-
Беттер
-
Категориялар
-
Мұрағаттар
9 Comments
Блог алемине кош келипсин! Талай кызыкты материалдар кутемиз!
Рахмет Жансезім. Енді бастап жатырмын. Алда жазармын.
Өмірде жұлдызды жолың жарық болсын бауырым! Руың Жаппас екен, мен де Жаппастың қызымын. Сәттілік тілеймін!
Рахмет Гүлнар. Келіп қонақ боп тұрыңыз.
Блогыңыз құтты болсын! “Әдебиет пен тарихты жақсы көремін және дәстүрлі ән тыңдау жанымның рахаты. Аздап өлең жазамын. Бос уақытымда ермегім кітап оқу.” – депсіз. Поэзияны түсінген, лириканы сүйген жанның жаны тазы болып келеді емес пе … Сізден мықты жазбалар күтеміз! Сәттілік тілеймін!
Рахмет Назгүл. Келіп тұрыңыз.
Сізге де рахмет, бірақ менің азан шақырылып қойылған есімім – Назира. Оқасы жоқ)))))))))
estetika91.wordpress.com
Ой, кешіріңіз. Жаңа танысқасын жаңылысып жатырмын. )))))
Блогыңыз керемет екен! Әңгімелеріңіз қызық. Жалықтырмайды. Әлгі жеті түнде айдалада қалған Жұлдызбектің келіншегі жайлы әңгімеңіз тіптен керемет! )) Сізді өзімдегі блогтар тізіміне қосып қояйын .